Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт аулалары тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенділік танытып, қоқыс жинап, ағаш түптерін әктеді.
Айта кетейік, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді» деген. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше оны көркейтуге шақырған.
Осындай игі амал арқылы жамағат тазалық пен көркем мінезге үн қосып, айналаны көріктендіруге үлес қосты.






















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
16.04.2025
1665
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру