Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» семинары өтті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 14.04.2025 1049 0 пікір
Алматыда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» семинары өтті

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында наиб мүфти Бостандық және Медеу аудандарына қарасты мешіт имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты семинарға қатысып, рухани тәрбие бағытындағы дәріс жүргізді.

Сонымен қатар, «Бәйкен» мешітінде бесін намазына дейін жамағатқа уағыз айтып, «Тәубе» сүресінің 124-аятын тәпсірлеп, терең мән-мағынасын түсіндірді.

Кейін 3650 әскери бөлімінде сарбаздармен кездесіп, «Дін – суицидке қарсы» тақырыбында насихат айтты. Жас жауынгерлерге имандылық, рухани тұрақтылық және өмірдің мәні жөнінде ақыл-кеңес берді.

Сапар соңында «Алматы Орталық» мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Отбасы тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің орны» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру