Қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа ҚМДБ бекіткен «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы негізінде әзірленген кітапша таратылды.
Мешіт имамдары жамағатқа тұғырнамада көрсетілген құндылықтардың мән-маңызын түсіндіріп, имандылық, білімге ұмтылу, отансүйгіштік, тәртіп пен әділет, еңбекқорлық, бірлік пен келісім, отбасын қадірлеу сынды қағидаттар жайлы насихат айтты.
Айта кетейік, ислам этикасы – көркем мінез-құлық пен рухани құндылықтарға негізделген. Осындай тұғырнамалар арқылы қоғамда тұрақтылық пен рухани жаңғыру қалыптасады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
14.04.2025
1969
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру