Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Бас имам аудан мешіттерін аралады

Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі mazhab.kz 10.04.2025 908 0 пікір
Павлодар: Бас имам аудан мешіттерін аралады

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Клышевпен бірге Павлодар ауданына қарасты ауыл мешіттерін аралады.

Іс-сапар барысында өкіл имам Набережный ауылындағы «Нұржаусын» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтты.

Мұнан кейін Чернорецк ауылындағы «Әбу Шахман» мешітіне барып, ҚМДБ-ның төрт бағытын кеңінен түсіндіріп, жастарды жат ағымдардан сақтануға шақырды.

Сапар соңында Жамбыл ауылындағы мешітте сенбілікке қатысып, жамағатпен жүздесті. Кездесулер барысында ҚМДБ жұмыстары мен діни сауаттылықты арттыру мәселелері сөз болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру