Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 7-18 жас аралығындағы шәкірттер арасында марқұм Нұрмағамбет Балтабайұлының рухына бағышталған дәстүрлі V облыстық Құран жарысы өтті.
Игі шарада Құран Кәрімді жаттауға ниет еткен 70-ке жуық жас шәкірт бақ сынады. Сайыс келесі номинациялар бойынша өткізілді: 10 сүре, 22 сүре, жарты пара, бір пара, екі пара және үш пара.
Жарыс аясында шәкірттер Құран аяттарын ғана емес, сондай-ақ түрлі тақырыптағы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін, қазақтың ғұламалары мен даналарының нақыл сөздерін жатқа айтып, көрерменнің ықыласына бөленді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
10 сүре бойынша – Әсия Бақытжанқызы
22 сүре бойынша – Фатима Серік
Жарты пара бойынша – Аяла Сүндет
1 пара бойынша – Мухаммад Шәріпов
2 пара бойынша – Зулфуқар Мухсина
3 пара бойынша – Азамат Төлеухан
Игі іске өңірдегі дін жанашыры демеушілік танытып, жеңімпаз және жүлдегер шәкірттерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Аталмыш Құран байқауы — жас ұрпақтың имандылыққа, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, Құран жаттауға деген ынтасын оятатын тағылымды бастама екені сөзсіз.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
09.04.2025
1755
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру