Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Сыр өңірінде насихат жұмыстарын жүргізді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 07.04.2025 1877 0 пікір
РАНТ мүшесі Сыр өңірінде насихат жұмыстарын жүргізді

ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Шымкент қалалық «Halifa an-Nahayan Aqmeshiti» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Орынбасарұлы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Қызылорда, Жалағаш, Қармақшы, Байқоңыр қалаларындағы мешіттерде уағыз айтып, жамағатпен жүздесті. «Намаздың қасиеті», «Мұсылманның сенімі», «Жүрек тазалығы» және басқа да тақырыптарда насихат жүргізіп, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ Жалағаш ауданындағы ауыл имамдарымен семинар өткізіп, діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында тәжірибе алмасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру