Құрманғазы және Исатай аудандарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жергілікті жамағатпен және тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев намаз, ораза, зекет және шариғи үкімдерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал ұстаз Наркес Боханов отбасылық мәселелер бойынша шариғат негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты бағыт-бағдар ұсынды.
Сондай-ақ мамандар отбасы тәрбиесі мен құндылықтарына арнайы тоқталып, шариғаттағы ер мен әйелдің міндеті, бала тәрбиесі, жауапкершілік және сыйластық жөнінде кеңінен баяндады.
Жиын соңында жамағат ризашылық білдіріп, осындай игі шаралар жалғасын тапса деген тілегін жеткізді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
07.04.2025
1508
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру