Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам Ұлан ауданында болды

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 04.04.2025 1965 0 пікір
ШҚО: Бас имам Ұлан ауданында болды

Шығыс Қазақстан облысының Бас имамы Думан Нәдірұлы жұмыс сапары барысында Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновпен кездесіп, діни ахуал мен мешіттердегі жұмыстарды талқылады.

Кездесуде жастардың рухани тәрбиесі, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы және қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Думан Нәдірұлы діни сауаттылықты арттыру мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы ҚМДБ бастамалары туралы баяндады.

Өз кезегінде аудан әкімі діни бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтіп, өкілдік жұмыстарына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Тараптар болашақта ортақ мақсаттар аясында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру