Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің төрағалығымен аудан және қала имамдарының жиналысы өтті.
Жиында қасиетті Рамазан айында атқарылған игі істер сараланып, қайырымдылық шаралары мен рухани бағдарламалар талқыланды. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.
Басқосуға Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Қасенов қатысып, рухани бағыттағы игі істер туралы баяндады. Ол имани сананы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, жат ағымдардың алдын алу қажеттігіне тоқталды.
Сонымен қатар мешіттің наиб имамы Ұлан Шәріпов өңір имамдарына пәтуа талаптары жөнінде дәріс оқып, діни қызметкердің міндеттері мен шариғи талаптарды түсіндірді.
Жиынның қорытындысында алдағы уақытқа жоспарланған діни іс-шаралар пысықталып, ортақ мақсат-міндеттер белгіленді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
04.04.2025
1895
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру