Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Qamqor-Sharapat салттық қызмет көрсету орталығының өңірлік бөлімшелеріне қажетті техникалармен қамтамасыз ету мүфтияттың 2025 жылға арналған жоспарына енгізілген болатын. Осыған орай, орталықтың өңірлердегі бөлімшелеріне қажетті құрылғылар берілді.
Атап айтсақ, Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің қолдауымен Qamqor-Sharapat салттық қызмет көрсету орталығының өңірлік филиалына мәйіт тасымалдау көлігі табысталды.
Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен орталықтың Астана қаласындағы «Aq meshit» бөлімшесіне мәйітті жаназаға дейін уақытша сақтауға арналған жылжымалы мұздатқыш берілді.
Qamqor-Sharapat орталығы халқымыздың діни және ұлттық дәстүрлеріне сай қызмет көрсетуді жалғастырады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
03.04.2025
2383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру