ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Астана» қыздар медресе-колледжіне екі заманауи интерактивті панель тарту етті.
Құны 2 миллион теңгені құрайтын бұл құрылғылар студенттердің сапалы білім алуына ықпал етіп, оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар, қор өкілдері оқу орнының кітапханасына ҚМДБ баспасынан жарық көрген «Сопылық сыры», «Бабалар ізімен» және басқа да құнды кітаптарды сыйға тартты.
Бұл игі шара білім беру сапасын арттырып қана қоймай, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Аталған бастама – ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының білім саласына қолдау көрсету және қайырымдылық іс-шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатындағы ізгі істерінің бір көрінісі.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
02.04.2025
1820
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру