Ораза айт мерекесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігі қазақ күресінен жарыс ұйымдастырды.
Ұлттық спорт додасына 82 кг дейінгі салмақта 60 балуан қатысып, тартысты белдесулер өтті. Әсіресе, жартылай финал мен ақтық сын көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Жарыс қорытындысы бойынша: ▪ 1-орын – Қайырғали Төлепберген (жүйрік тұлпар сыйға тартылды); ▪ 2-орын – Мәуленин Әбілхайыр (200 000 теңге); ▪ 3-орын – Қолдасов Нұрбек (100 000 теңге); ▪ «Көрермен көзайымы» – Қожин Мәулен (50 000 теңге).
Қазақ күресі – ұлттық рухты көтеретін, ер жігіттің жігерін шыңдайтын өнер. Бұл жарыстың мақсаты – жастарды ұлттық спортқа баулу, салт-дәстүрімізді дәріптеу.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
02.04.2025
2008
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру