Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты «Түркістан-1» мешітінде ауданның бас имамы Дәуренбек Жандосұлына қызметтік көлік кілті табыс етілді.
Бұл игі іс аудан әкімдігінің тарапынан жергілікті имамдардың қызметін одан әрі жандандыруға ықпал ететін шаралардың бірі болды. Өз кезегінде ауданның бас имамы мешіттің көркеюі мен жамағат игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға баса назар аударып, аудан әкімі мен демеушілерге шынайы ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, мешіттің ішкі тыныс-тіршілігімен таныстырып, алдағы жоспарларын бөлісті.
Айта кету керек, Қарасай ауданында 50-ге жуық мешіт жұмыс істейді. Бұл құлшылық орындарында түрлі қайырымдылық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып, халыққа рухани қолдау көрсетілуде. Жергілікті билік те мұндай ізгі бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп келеді. Жамағат өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар мешіт қызметінің сапасын арттырып, жамағаттың бірлігін нығайтуға септігін тигізеді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
02.04.2025
3713
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру