Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Сырға толы Рамазан» жазба ақындардың жыр мүшәйрасының қорытынды сайысы өтті.
Шараға ақындар Сұлтанбек Құдайберген, Жұмагүл Мұрсалова, Анар Шәмшадинова және облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қазылық етті. Олар байқаудың сарапшылары ретінде үміткерлердің өнерін бағалау барысында өлеңнің таңдау талғамына, сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне және тіл тазалығына мән берді.
Байқаудың қорытындысына сәйкес, 1 орын — Мейрамбек Ордабек 50 000 теңге қаржылай сыйлықты иеленді, 2 орын — Алшын Сүйеу қанжығалады, ал үздік үштікке Бақтыбай Жайлау шықты. Сонымен қатар, байқау барысында арнайы ынталандыру сыйлығы да берілді. Ынталандыру сыйлығының иегерлері — Аллаберген Қонарбаев және Оралбек Қосай 5000 теңгеден қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы байқауға қатысқан ақындарға алғысын білдіріп, жазба ақындардың шығармашылығын қолдауға бағытталған осындай тағылымды шаралардың болашақта жалғасын табатынын атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
01.04.2025
2276
0 пікір







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру