Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Орбита-3» мешітіндегі Ораза айт мерекесі

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 01.04.2025 2117 0 пікір
Алматы: «Орбита-3» мешітіндегі Ораза айт мерекесі

Алматы қаласы Бостандық ауданының «Орбита-3» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы шара ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Көптілеуов пен «Орбита 3» мешітінің бас имамы Орынбасар Абдуллаұлы сөз сөйлеп, жиналғандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Балаларға түрлі заманауи және ұлттық ойындар, зияткерлік сайыстар мен көңіл көтеретін бағдарламалар ұсынылды. Аниматорлармен бірге өткен шара барысында балалар қызықты қойылымдар тамашалап, мешіт тарапынан тәттілер мен сыйлықтар үлестірілді.

Мерекенің басты құндылықтары – мейірімділік, қайырымдылық және бауырмалдық ұғымдары кеңінен насихатталды. Балалардың қуанышты жүздері мен ризашылыққа толы жүрегі шараның басты нәтижесі болды. Қатысушылар осындай игі бастамалардың жалғасын тауып, мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрі әрдайым жандана берсін деген ниет білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру