Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев бастаған өңірдегі дін қызметкерлері жасанды интеллект бойынша оқыту курсына қатысуда.
«Kyzylorda Hub» өңірлік хабында ұйымдастырылған курстың алғашқы күнінде орталық жетекшісі Жанарыс Түбекбаев имамдарға деректер базасын құру, ақпаратты саралау және жеке қызметтік ассистент жасау жолдарын үйретіп, тәжірибе жүзінде көрсетті.
– Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялар қарқынды дамуда. Дін өкілдері де бұл үдерістен тыс қалмай, білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруы қажет. Бүгінде жасанды интеллект барлық салаға дендеп ене бастады. Бұл технологияны меңгеру арқылы имамдар білімін шыңдап, оның әлеуетін толық әрі тиімді пайдалана алады. Оқыту курсының басты мақсаты да – осы, – деді Дастан Жанасұлы.
Айта кетейік, заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылған сырбойылық жас имамдарға арналған бұл оқыту курсы екі күнге жалғасады. Курс барысында олар жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеріп қана қоймай, оны жауапкершілікпен қолдану және этикалық мәселелер бойынша да дәріс алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
01.04.2025
2031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру