Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 15:18:34

25 Мамыр 2026

8 Зулхижжа 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тараз: Оңалту бағытындағы имамдарға арналған семинар өтті

Тараз: Оңалту бағытындағы имамдарға арналған семинар өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 26.03.2025 2094 0 пікір
– | A | +
Тараз: Оңалту бағытындағы имамдарға арналған семинар өтті

Тараз қаласында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов өңір имамдарымен арнайы кездесу өткізіп, семинар жүргізді.

Кездесу барысында теріс діни идеологияның алдын алу, жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу әдістері, оңалту ісіндегі тиімді тәсілдер талқыланды. Ислам Қаюпов имамдардың діни оңалту бағытындағы қызметінің маңыздылығына тоқталып, өз тәжірибесін бөлісті. Семинар барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Бұл жиын имамдардың діни оңалту жұмысын жетілдіруге және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды шара болды. Сондай-ақ Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесу өткізіп, Исламдағы сенім тұтастығы, діни білімнің маңызы, жат ағымдардан сақтану жолдары жөнінде насихат айтып, пайдалы ақпараттар бөлісті. Бұдан бөлек, Ислам Маратұлы шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, діни білім алудың жауапкершілігі мен оның қоғамға тигізер пайдасына тоқталды. Кездесу рухани әрі танымдық бағытта өтіп, шәкірттер үшін маңызды тағылымға айналды.

Сапар аясында РАНТ мүшесі Тараз қаласындағы «Шейх Зуннун» мешітінде бесін намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты. Уағыз барысында аманатқа адал болу, шынайы мұсылманның сипаттары, Исламдағы сенімнің маңыздылығы сынды тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жиын соңында Ислам Қаюпов жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айында құлшылықты арттырып, ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.

Бұдан кейін Тараз қаласындағы «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» оқушыларға жат діни ағымдардың зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуді РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов өткізіп, жастарға теріс ағымдардың қоғамға тигізер қауіп-қатері, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіріп, дәстүрлі исламның құндылықтарын насихаттады. Ал оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Мұндай ақпараттық жұмыстар жастардың діни сауатын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ Ислам Қаюпов Тараз қаласы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№67 мекемесіне» барып, жазасын өтеушілермен жеке және топтық кездесулер өткізді. Жиынға Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған Тараз қаласының имамдары қатысты. Жеке кездесуде РАНТ мүшесі терроризм бойынша тергеу сатысындағы азаматтармен жолығып, дәстүрлі діни ұстаным жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Топтық кездесуде облыстың бас имамы жазасын өтеушілерді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Өз кезегінде Ислам Қаюпов оразаның пайдасы жайлы уағыз айтып, жиын соңында жат ағымдар мен олардың зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сапар қорытындысында Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатқа тарауық намазынан кейін «Аманатқа берік болу» тақырыбында уағыз жүргізді. Ислам Қаюпов аманат ұғымының Исламдағы орны, оның адамның діни әрі қоғамдық өміріндегі жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, әрбір мұсылманның берілген аманатқа адал болуы, сенімге қиянат жасамауы, уәдені орындау секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіруі қажет екенін атап өтті.

Жамағат рухани кездесуден ерекше әсер алып, уағыз соңында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Алматы облысында дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды

22.05.2026 291
Алматы облысында дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды

Маңғыстау: Ихсан ілімінің негізі» тақырыбында семинар өтті

20.05.2026 355
Маңғыстау: Ихсан ілімінің негізі» тақырыбында семинар өтті

Қостанай: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

19.05.2026 577
Қостанай: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Алматы облысында Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

19.05.2026 398
Алматы облысында Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

ШҚО: Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

19.05.2026 366
ШҚО: Құрбан айтқа орай арнайы жиын өтті

Жетісу: Құрбан айтқа дайындық бойынша арнайы жиын өтті

19.05.2026 830
Жетісу: Құрбан айтқа дайындық бойынша арнайы жиын өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3