
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қарағанды облысы ұйымдастыруымен «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» атты әйел жамағатына арналған семинар ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ Әйел-қыздар сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Алматы қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы және Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы арнайы спикер ретінде қатысты.
Семинар барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, рухани және отбасы құндылықтары секілді ауқымды тақырыптар қозғалып, қатысушылар терең біліммен сусындап қайтты. Бұл іс-шара әйел жамағатының діни және рухани сауатын арттыруға, имани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Осындай игі жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады. Алла Тағала барша қатысушыларға берекелі білім нәсіп етсін!
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру