
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтау қаласының көшелерінде жарапазан жыры айтылды.
Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында өткен игі шараға облыс бас имамы Әнуар Елжанов, Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің қызметкерлері, өнерпаздар, балалар ,ақсақал, әже-апалар қатысты. Жарапазан – он екі айдың сұлтаны Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр.
Дәстүрлі шара соңында облыс бас имамы барша жанды қасиетті Рамазан айымен, сондай-ақ ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, игі шараға қатысқан жандарға алғыс айтты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру