Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: «Ақ бата» аймақтық сайысы өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 18.03.2025 1086 0 пікір
Алматы облысы: «Ақ бата» аймақтық сайысы өтті

ҚМДБ Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ІІ Республикалық «Ақ бата» байқауының облыстық іріктеу сайысы өтті.  

Байқауда алғаш болып сөз алған Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы батаның жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы екені жайында әңгіме қозғады. Артынша барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы облыс көлемінде өткен шараға 9 аудан мен қаладан сөзге шешен аузы дуалы ақсақалдар қатысты. Ережеге сәйкес берілген батаның қазақи дәстүрге негізделуі, шариғат шеңберінен шықпауы, қазақ тілінің тілдік ережелерінің сақталуы, бата берушінің қолын жаюы, өзін ұстауына баса назар аударылды. Мұндағы мақсат – қазақ халқының бата беру дәстүрін, ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, қазыналы қариялардың бойындағы асыл қасиеттерін дәріптеу арқылы балаларды имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Қатысушыларға әділ төрелік еткен әділ-қазылардың қатарында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Талғар ауданының құрметті азаматы Камнұр Тәлімұлы және Ауылшаруашлығының еңбек сіңірген қызметкері, еңбек, спорт ардагері Жақан Ахаев бой көтерді. Тартысты өткен байқауда 1 орынды Талғар ауданынан Ауған Нүсіпжанұлы жеңіп алды. 2 орын Еңбекшіқазақ ауданынан келген Барат Алиакбарұлына бұйырды. Ал, 3 орынды Алтау қаласының тұрғыны Мұрат Дүйсенбіұлы қанжығалады. Бата беру байқауының жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өтетін байқауда әр аймақта үздік деп таңылғандар республикалық деңгейде бақ сынайды.  

 

 

 

 

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру