Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛЫНДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 18.03.2025 1996 0 пікір
АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛЫНДЫ

15 наурыз күні Алматы Орталық мешітінде Рамазан айының Құран хатым дұғасы жасалынды.

Қасиетті рамазан айындағы Құран хатымға қатысу үшін Орталық мешітке жамағат көп жиналды. Бас имам Төлеби Дәділұлы бастаған қарилар тарауық намазын жүргізді.

Айта кетсек, биыл Орталық мешітте 15 күнде Құран хатым түсірілді. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қасиетті рамазан айында оқыған Құран хатымның дұғасын жасады. Жамағатпен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды. Хатым дұғасына жиналған жамағат хатым түсірген қарилар мен мешіт қызметкерлеріне алғысын жеткізді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру