ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахмет арнайы шақырумен Астана қаласының Халықаралық мектебінде болып, «Рамазан және Құран» тақырыбында мектеп қызметкерлеріне уағыз-насихатын айтты.
250-ге жуық қызметкер қатысқан жиында Серік қари Полатханұлы қасиетті Құранның Рамазанмен байланысы туралы айтып, шындығында, Рамазанның рухани тәлімі Құранға көңіл бөлуден, көкіректі рухани іліммен тояттандырудан тұратынына аят-хадистерден дәлелдер келтіріп, елдің болашағын құрушыларды тәрбиелеуші ұстаздың өзі де тек білімнен ғана емес, рухани байлықтан да кенде болмауы, өйткені бала тәрбиесінде тәрбиешінің Алламен байланысының берік болуы өз тиімділігін көрсететінін жан-жақты түсіндіріп берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі
16.03.2025
2058
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру