Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам Ұлан ауданына барды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 15.03.2025 908 0 пікір
ШҚО: Бас имам Ұлан ауданына барды

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Думан Нәдірұлы Өскемен қаласына іргелес жатқан Ұлан ауданына барып, жамағатпен  кездесіп рухани сұхбат құрды.

Бас имам ең әуелі Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің жай-күйімен танысты. Думан Нәдірұлы бұдан соң жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап,  оразадағы тақуалық туралы уағыз айтты.

Бас имам: «Тақуалық сөзі әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу деген мағыналарды білдіреді.  Шариғи түпкі мағынасы күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болуға саяды. Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау, шариғатқа сай өмір сүру – тақуалықтың белгісі. Қасиетті Рамазан айында әр мұсылман тақуа болуы маңызды.  Мұсылман баласы басқаға әрбір көркем ісімен үлгі болуы тиіс» деп тақуалық туралы нақты мысалдар келтірді.

Бас имам Рамазандағы тақуалықты жан жақты  терең талдап, терең түсіндірді. Ұландық жамағат Думан Нәдірұлының насихатын ұйып тыңдап, жылы қабылдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру