
Қарағандыда қасиетті Рамазан айының құрметіне сауда орындарында Жарапазан айту дәстүрі жалғасын тапты.
Бұл игі іс ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырысына орай және Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен ұйымдастырылды.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің және қала мешіттерінің имамдары «Глобал Сити», «Таир» сауда үйлерінде жарапазан айтып, жұртшылыққа Рамазанның берекесін насихаттады. Бұл іс-шараға жергілікті өнерпаздар да атсалысып, ұлттық нақышта жыр орындады.
Жарапазан – Рамазан айының келгенін сүйіншілеп, халықты сауапты амалдарға шақыратын көне дәстүр. Дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған «Жарапазан жырын айту» эстафетасы Қарағанды қаласында басталып, одан ары қарай облыстың аудан-қалаларында жалғасын табады деп жоспарланып отыр.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру