Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам студенттермен кездесті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 15.03.2025 529 0 пікір
Қостанай: Бас имам студенттермен кездесті

Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесіп, ақпараттық түсіндіру насихатын жүргізді.

Кездесу мақсаты – жастар арасында жат ағымдардың зияны турасында жан-жақты түсінік беру. Сонымен қатар қоғамда белең алған қатыгездік, мейірімсіздік сияқты жағдайлардың алдын алу үшін ихсан ілімі, рухани тәрбие негіздерін студенттерге баяндап берді. Біздің әр ісімізді Алла үнемі көріп-бақылаушы деген сенімнің аса қажеттілігін ұғындырды. 

Қазақтың ұлттық құндылығы – салт-дәстүрде, мәдениеті мен ата дініміз Исламда екенін түсіндірді. Жан-жақты білімді, рухани кемел адам ғана түрлі жат ағымдардың жетегінде адаспайды, әркімнің соңына ілесіп кетпейді дей келе ұлттық тәрбие хақында да тұщымды ой қозғады. Насихат соңында халқымыздың салт-дәстүрлері жайлы сауалдарға нақты жауап берген студенттерге танымдық-тағылымдық жағы мол «Рухани діңгек», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ», «Төртеу түгел болса» деп аталатын кітаптарды сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру