ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Наурыз Ибатұлының ұйымдастыруымен орталық «Ар-Рахман» мешітінде бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісі» таратылды.
Қасиетті Рамазан айында балалардың көңіліне шуақ сыйлаған мерекелік кешке өңір бас имамы Самат Қанатқалиұлы қатысып, жиналған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Алланың үйіне жиналған балалар жаттаған өлең-жырлары мен Құран аяттарын оқып, өнерлерін көрсетті. Өнерімен сүйсіндірген бүлдіршіндер сыйлықтар алып, шаттыққа бөленді. Сондай-ақ мешіт наиб имамы Бағдат Русланұлы балалардың ата-анасына «Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу» туралы уағыз-насихат айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
15.03.2025
1745
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру