Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 200 студентке ауызашар берілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 13.03.2025 2209 0 пікір
Қызылорда: 200 студентке ауызашар берілді
ҚМДБ Жастар ісі секторы Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 200 студентке ауызашар дастарқаны жайылды.
 
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне арналған ауызашарда сектордың өңірге жауапты жетекшісі әрі қалалық «Мырқы қажы» мешітінің имамы Айтжан Мұсаұлы және аталмыш мешіттің наиб имамы Асқар Жұбанов бос уақыт пен жастық ресурсты тиімді пайдалану, ата-ана, Отан алдындағы міндет пен қоғамдық мәселелерді шешудегі жастардың рөлі жайлы насихат айтып, емен-жарқын сұқбат құрды, сұрақтарына жауап берді.
 
Айта кетейік, сектордың мұрындық болуымен жыл сайын студент жастарға арнайы ауызашар кешін ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и стол

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру