Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда 100 балаға Рамазан тәттілерді таратылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 13.03.2025 1685 0 пікір
Атырауда 100 балаға Рамазан тәттілерді таратылды

 

Атырау қалалық «Құспан молла» мештінің ұйымдастыруымен және «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйытқы болуымен «Рамазан сыйы» жобасы аясында 100 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды.

Балаларды қуанышқа бөлеген игі шараға облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, бүлдіршіндерді қасиетті аймен құттықтады.

«Сіздерді мүбарак болған Рамазан айымен құттықтаймын. Осы айдың берекетін сезіндіру мақсатында біз сіздерге тәттілер беріп, көңілдеріңізге қуаныш сыйламақпыз. Осы іске атсалысқан ағаларыңызға жақсы тілек тілеп, дұғаларыңызға қосып жүріңіздер. Оқуда озат, талапты, ғылым-білім игерген елдің абыройлы азаматы болыңыздар», – деп тілегін білдірді бас имам.

Айта кетейік, «Рамазан сыйы» жобасы аясында облыс көлемінде қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.

Бірінші кезекте мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты және де «Жусан» арнайы операциясы арқылы елге оралған отбасыларға қайырымдылық көмектер көрсетілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру