Қостанай орталық көшелерінде жарапазан жыры айтылды. Мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, жас ұрпақ жадында қайта жаңғырту.
Дәстүрлі игі шараға мешіт имамдары, өнерпаздар, көпшілік жамағат, әже-апаларымыз қатысты. Жарапазан бұл «Жә-Рамазан», «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Бұрынырақта жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, қазіргі кезде ол қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі.
Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрі. Жарапазан – адамгершілікті, имандылық пен адалдықты, оразаны дәріптейді. Ел тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа шақыратын дәстүр.
Аталмыш шарадан соң облыс бас имамы Бектұрсын Уәлиев барша қатысушы жандарға Алла разы болсын деп шынайы алғысын айтты. Рамазан айы, келіп жеткен наурыз мерекесі хайырлы-құтты болсын!







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
13.03.2025
1637
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру