Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ»: АСТАНАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 13.03.2025 879 0 пікір
«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ»: АСТАНАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай, «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында Астана қаласында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен шарада 100 көше тазалаушыға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл шараның басты мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін атап өту және олардың қажырлы еңбегін бағалау болды.

Құттықтау сөз сөйлеген ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бұл шараның маңыздылығына тоқталып, қоғамда еңбек адамдарының еңбегі әрқашан жоғары бағалануы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, шараға қатысқан еріктілерге де ерекше алғыс айтылды.

Бұл бастама қоғамның бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру