Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Рамазан – рахым айы» рухани кеші өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 05.03.2025 1470 0 пікір
Алматы: «Рамазан – рахым айы» рухани кеші өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы қаласы өкілдігі және «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан – рахым айы» рухани кеші өтті.

Шара барысында 70-ке жуық қыз-келіншектер мен апалар ауыз ашар дастарханында бас қосып, рухани көріністер, бейне роликтер тамашалады. Ғибратты ойындарға қатысып белсенділік танытқан жандарға сыйлықтар берілді.

«Алғабас» мешітінің ұстазы Ерланқызы Жұлдыз «Рамазан – құлшылық айы» тақырыбын көрермендерге түсіндіріп, өз кеңестерін берді. Құран оқудың пайдасы туралы «Бекет ата» мешітінің ұстазы Меруерт Кәрібаева айтып, Құранға түскендерді алғыс хатпен марапаттады.

Кеш соңынан көрермендер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру