Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: БАТА БЕРУ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 05.03.2025 1101 0 пікір
АЛМАТЫ: БАТА БЕРУ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Сан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ақсақалдар арасында ІІ республикалық Бата беру» байқауына Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Бата беруге қала мешіттерінен 25 батагөй ақсақал қатысты. Әділ қазылар Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Жұмағали Пәрімбекұлы, Ергенбай Әбу Бәкірұлы және Орталық мешіттің наиб имамы Асан Тілеубердиев I орынға Әуезов ауданының батагөйі Мәсенов Әлқожа ақсақал ылайықты деп тапты. Ал II- орынды Сағалай Ауған атамыз алды, жүлделі III орын Амалбек Қарабек атамызға бұйырды. Белсенділік танытқан барша батагөй аталарымызға алғыс хат беріліп, қаланың бас имамы Төлеби Оспан өз ризашылығын білдіріп, марапаттарын табыстады. Жеңімпаз ақсақал Республикалық сайысқа жолдамаға ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру