
Рамазан айының келу құрметіне Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» мүшелері мешіт асханасында жылдағы дәстүр бойынша алғашқы ауызашар дастарханын жайды.
Сауабы мол үмітке жайылған дастархан басында мешіт ұстаздары мен имамдары уағыз-насихат айтты. Ораза тұту мен ауызашар берудің сауабы, Рамазанда жақсы істерде жәрдемші болу жайында сөз қозғады. Сонымен қатар ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері де ізгілікті насихаттауда көш бастаған әжелерімізге алғысын білдірді.
Алла Елшісінен мағыналай жеткен хадисте мешіттегі жамағат намазына ерте келіп, ең алдыңғы саптардан орын алудың абзалдылығы айтылады. Мұндай адамның сауабы да соған сай молынан беріледі делінеді. Олай болса, жақсы істе көш бастап, дін мен дәстүрімізді дәріптеп, көрегенділік танытқан ардақты әжелерімізге де мол сауап жазылғай!
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру