Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде жарапазан айтылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.03.2025 1287 0 пікір
Өскеменде жарапазан айтылды

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Айтайық жарапазан елімізге...» акциясы басталды.

Рамазанмен сүйіншілеп, қасиетті айдың басталғанын білдіру – бабалардан қалған дәстүр. Байырғы жарапазан айту дәстүрін жаңғырту, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайта түседі.

Облысқа танымал өнерпаздар қыран құс қондырып, домбыраны күмбірлетіп, сән салтанатпен қала көшелеріне шығып, адамдар көп жүретін сауда орталықтарына, базарларға барып, қазақтың дәстүрімен жарапазан айтып, халыққа Рамазан құтты болсын деп ізгі тілек тіледі.

ШҚО бас имамы Думан Нәдірұлы: «Жарапазан ұлтымыздың салт-дәстүріндегі бірегей құндылық. Халқымыздың жарапазан айту салтын жаңғыртып қайта ұсынып жүрген өнерпаздарды қолдап, осы шараны іске асырып отырмыз» деп атап өтті.

Шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Шығыста жарапазан эстафета ретінде жалғасып, аудандарға ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру