Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі Абдурашит Қарабаев Қазақстанның осы елдегі Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.
Кездесу барысында Абдурашит Зиядинұлы елшіге ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, сонымен қатар қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Өкілдік атынан «Талаба» студенттер қауымдастығы аясында атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Еркебұлан Сәпиев өз тарапынан ҚМДБ өкілдігінің және «Талаба» студенттер қауымдастығының Түркия елінде білім алып жатқан қазақ жастары арасында ауызбіршілік пен татулықтың орнығуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
03.03.2025
2698
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру