
Павлодарда «Қазақ қоғамында есімі тарихта қалған Аналарымыздың келебеті» тақырыбында форум өтті.
Мақсаты – ел мен жер үшін күрескен батыр аналардың ерлігін ұрпаққа үлгі ету. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жариялағанына орай дәстүрімізді дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген әйел-аналардың еңбегін насихаттау.
Тәрбиелік мәні зор шараны ҚМДБ Павлодар өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырды. Шараға Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева, педагогика ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің профессоры Еңлік Жұматаева, Баянауыл ауданы бойынша «Қазақ аналары дәстүрге жол» ҚБ төрайымы Жамбы Мәшім, «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі Светлана Күндікерова сынды дәстүрімізді дәріптеп жүрген ұлағатты аналар қатысып, тарихта қалған қазақ аналары туралы баяндама жасады.
Баяндамалардан кейін Павлодар облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай арнайы келген қонақтарға мәнді де мағына баяндамасы үшін алғыс айтты.
Шара барысында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің әншілері, мектеп оқушылары туған жер туралы әндер айтып, кештің көркін қыздырды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру