Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 03.03.2025 1941 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті айда мұқтаж жандарды қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков т.б. азаматтар қатысты.

Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға  (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын,  т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 15500 теңгені құрайды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде  өтетін шараға қолдау көрсеткен  кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!

Айта кетсек,  қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру