«Ислам және отбасы құндылығы» жылы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Бекет ата» мешітінде ақсақалдар арасында «Бата дарып, бақ қонсын!» республикалық бата беру байқауына іріктеу сайысы өтті.
Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы дәстүрімізді жаңғырту мақсатында бата сайысының ұйымдастырылып отырғандығы жайлы айтып өтті.
Қала,аудан,ауылдан жиналған қатысушы ақсақалдар батаның мазмұны, орындау шеберлігі, сөз саптауы мен қазақы киім үлгісі бойынша, дін мен дәстүр бағытындағы сұрақтар қою критерийлері негізінде бағаланды. Осынау дәстүрді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бата сайысында бірінен бірі асып түсіп, алақан жая бата берген ақсақалдардың ішінен:
I орын - Қожырбай Нисреддин ақсақал (100 000 теңге)
II орын - Рейімбайұлы Қаржаубай (70 000 теңге)
III орын - Жалғасов Мұса (50 000 теңге) иеленіп, арнайы марапатталды.
Еске сала кетейік, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен қолға алған бата беру байқауы биыл екінші рет киелі Түркістан төрінде республика көлемінде өткелі отыр. Облыстық байқау жеңімпазы биыл өтетін республикалық бата беру байқауына Маңғыстау облысының атынан қатысады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
27.02.2025
1630
0 пікір













+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру