Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 26.02.2025 1702 0 пікір
ШҚО: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Думан Нәдірұлы «Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде» қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға облыс орталығындағы БАҚ өкілдері қатысты.

ШҚО бас имамы журналистерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізе отырып, өңір тұрғындарын Рамазан айымен құттықтады.

Бас имам барша мұсылманды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен сүйіншілеп, Рамазан шарапатынан тағылым айтты. Сонымен бірге биылғы оразаның басталу күні, қасиетті кәдір түні, ораза айттың мерзімі, пітір садақасының мөлшері қатарлы негізгі ақпаттарды жариялады.

Думан Нәдірұлы: «Рамазан айында сауапты амалдарды көбірек жасау аса маңызды. Рамазан айында құр ашығу ғана емес адам өзінің рухани болмысын сақтап, жан дүниесін жат әдеттерден тыйып, мейірімділікпен имандылыққа жақындауы керек» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айында өңірде өкілдіктің Рамазан жоспары аясында тағылымдық-рухани шаралардың көптеп ұйымдастырылатындығын жеткізді.

«Рамазанда мұқтаждарға қайырымдылық жасалады, қоғамның әлсіз топтары үшін ауызашарлар ұйымдастырылады» деді. Бас имам сонымен қатар журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. Думан Нәдірұлы БАҚ өкілдеріне ҚМДБ-дан жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар хақында кең көлемде мағлұмат беріп, өзінің алдағы уақытта атқаратын шараларын да айтып өтті.

Мәслихат барысында облыстық мешітте арнаулы «Рамазан ақпарат бұрышы» ашылғандығын жеткізіп, оразаға байланысты барлық сауалдарға және әртүрлі діни мәселелерге қатысты ақпар мәліметтерді тек мешіттерден алу маңызды екендігін айтты.

Сөз соңында Думан Нәдірұлы күллі мұсылмандарды берекелі Рамазан айымен құттықтап, елімізге бейбітшілік, халқымызға татулық, берекет тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру