ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері» кітабы негізінде Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде білім жарысы ұйымдастырылды.
Аталмыш жарыс шәкірттердің діни білімін тереңдету, Ислам дағуатының мәні мен маңызын ұғындыру, сондай-ақ дұрыс әдістерін меңгеруге бағытталды. Сайыс барысында қатысушылар кітаптағы негізгі ұстанымдар мен әдістерді жан-жақты талқылап, өз білімдерін сынға салды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген шәкірттер марапатталып, бағалы сыйлықтармен ынталандырылды. Ұйымдастырушылар мұндай білім жарыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Бұл іс-шара шәкірттердің діни сауатын арттырумен қатар, олардың Ислам құндылықтарын дұрыс түсініп, қоғамға өнеге болуына ықпал етеді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
abu-hanifa.kz
26.02.2025
1431
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру