Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 26.02.2025 1399 0 пікір
БҚО: Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлының жетекшілігімен «Орал медресе - колледжі» жеке мекемесінде имамдарға арналған рамазанға дайындық жиыны өтті.

Жиынға Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерболат Рысқалиұлы мен қала және аудан имамдары қатысты. Алқалы кездесуде бас имам Самат Қанатқалиұлы арнайы баяндама жасап, ұлық айда атқаратын жұмыстарды жүйелеп, тыңғылықты дайындық жасап, оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға шақырды.

Жиында сөз алған БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерболат Рысқалиұлы әкімшілік тарапынан дін мамандарына қолдау көрсетілетінін, қасиетті айда өткізілетін іс-шаралардың тиісті деңгейде өтуіне барынша жағдай жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мешітте жүрмеуі, ата-анасыз мешітке келмеуін қадағалау, провакацияға бармау, шиеленістерге жол бермеу жайы да айтылды.

Күн тәртібі бойынша мешіттер мен қызметкерлердің Рамазан айына дайындық жұмыстары, жоспарға сәйкес мешіттердің қарилармен қамтылуы, Құран хатым жасалуы, тарауық намазының оқылуы, ауызашардың тұрақты берілуі, сонымен қатар «Зекет және қайырымдылық» қорымен бірге қайырымдылық жұмыстары жүйелі түрде өткізілуін, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясындағы игі іс-шараларды қасиетті Рамазан айымен сабақтастыруын тапсырды.

Бұдан әрі жиын барысы «Имамдардың білімі мен біліктілігін жетілдіруге арналған фикһ және ақида курсы» мен «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты семинарына ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру