Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының төрағалығымен Рамазан айына орай алқалы жиын өтті.
Шалғай аудан имамдары жиналысқа онлайн форматта қатысты. Басқосуда оразаға арналған күн тәртібі талқыланып, қала-аудан имамдарына арнайы тапсырмалар берілді.
Асқар Әбітайұлы Рамазан айында ҚМДБ бастамасымен мешіттерде әртүрлі іс-шаралар атқарылатынын жеткізді. Оның ішінде тарауық намаздары, Құран-хатым оқу, ауызашарлар ұйымдастыру, сонымен қатар, ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай 35000 адамға қайырымдылық жасау, тал егу акциясы, тегін қоғамдық көлік акциясы сынды шаралар өткізу жоспарланып отырғандығын атап өтті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
26.02.2025
1349
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру