Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық сайыс өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 24.02.2025 2113 0 пікір
Маңғыстау: Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық сайыс өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Даңқты баба Ер-Қосай рухына арналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ерлер арасында облыстық сайыс өтті.

Облыстық Құран байқауында қарилар Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқудан, сондай-ақ Құранды мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады.

Сайыста ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет, Хусамуддин ас-Сығанақи ислам институты Құран ижаза бөлімінің меңгерушісі Теміржан қари Өтежанұлы, Алматыдағы Хусамуддин Ас-Сығанақи атындағы Қарилар дайындау ижаза орталығының директоры Ақжолтай қари Бақытжанұлы қазылық етіп,Құран жаттауға ықылас қойған ынталы қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде: 

«Құран Кәрімнің 10-шы парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:

І-орын – Алпамыс Берік (Ұмра қажылығы)

II орын-Таңат Мейрамбек (150 000теңге)

III орын-Нұрқасым Абсалимов (100 000 теңге)

«Құран Кәрімнің 20-шы парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:

І-орын – Абдулғани Мырзабек (Ұмра қажылығы)

II орын-Сылап Есен (200 000теңге)

III орын-Ержұма Сәтжан (100 000 теңге)

«Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу»номинациясы бойынша:

І-орын -Рахымжан Мырзатай (Ұмра қажылығы)

II орын-Ығылман Мұхаммед (300 000теңге)

III орын-Мұхаммад Құсаев (100 000теңге)

«Құран Кәрімді мәнерлеп оқу»номинациясы бойынша:

І-орын -Жарас Мұқаш (150 000 теңге)

II орын-Айбек Омаров (100 000теңге)

III орын-Бағжан Ізтұрғанов (50 000 теңге)иеленіп,арнайы сыйлықтармен марапатталды.Осы аталмыш 4 номинация бойынша бірінші орын иеленген қарилар XIV республикалық Құран жарысына жолдама алды.Жеңімпаз қарилар республикалық Құран жарысында Маңғыстау облысының үмітін арқалап,сайысқа түсетін болады.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының елімізге танымал қарилардың қазылық етуіне ықпал етуімен байқау жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздармен бірге байқауға қазылық жасаған елімізге белгілі қариларға облыс бас имамы арнайы алғыс білдіріп,марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру