
Елордадағы «Aq meshit» мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Астана қаласы өкілдігі бойынша филиалы жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.
Тағылымды семинар барысында филиал директоры Дәурен Мүсілімов пен «Aq meshit» мешітінің ұстазы Махмұт Қасым мұсылман қауымына ас беру мәдениеті жайлы маңызды насихаттар айтты.
«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ашаршылықтан қорқыңдар және ысырапшылықтан сақ болыңдар», - деп ескерткен. Марқұмға пайда тигізетін нәрсе – оған арналған дұға, сауапты амалдар мен шариғатқа сай берілген садақа. Ал шектен тыс, жағдай ретіне қарамай жасалған шығын, атақ үшін жасалған даңғаза дастарқандар мұсылман әдебіне жат болып саналады», - деп атап өтті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру