Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау облысының бас имамы жамағатпен жүздесті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 23.02.2025 1494 0 пікір
Атырау облысының бас имамы жамағатпен жүздесті

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы орталық «Иманғали» мешітінде өңір жамағатымен жүздесті.

Дәстүрге айналған «апталық дастархан» жобасы аясында жамағатпен танысқан бас имам Болатбек Ұласқанұлы рухани саладағы маңызды істерді бірлесе атқаруға шақырды.

«Қадірлі жамағат, мешіт әрқашан жамағатымен көркем. Өздеріңіздей дінімізге жанашыр, ішкі рухани дүниесі бай азаматтар барда мешіттеріміз өркендей береді деп сенемін. Қасиетті Рамазан қарсаңында Атырау жеріне келіп жатырмыз. Үлкен істер атқарылды, алда одан да үлкен міндеттер тұр. Асыл дінімізді насихаттау, руханиятымызды нығайту, бірлігімізді арттыру жолындағы істерде бірлесе атсалысуға шақырамын» деді Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айына дайындық, рухани тазару айындағы амалдар туралы сөз қозғады. Одан бөлек өңірде бес жылдың үстінде абыройлы қызмет еткен Алтынбек Ұтысханұлына ризашылық білдіріліп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру