Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 23.02.2025 905 0 пікір
Қызылорда: Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың қатысуымен Рамазан айына байланысты жиын өтті.

Жиынға облыстық басқармалар, құқық қорғау органдарының басшылары мен Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, оразаны өз деңгейінде өткізу.

Жиын барысында облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдары басшылары мен Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы мешіттерде бұзақылықтың орын алмауы және қоғамдық тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтіп, іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жасауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру