Орал қаласындағы «Тулбаев Мухаммед-Ғариф» мешітінде «Ақ бата – асыл мұра» бата беруден ақсақалдар арасында республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған сайысқа қалалық, аудандық мешіт жамағатынан іріктелген 10-нан астам ақсақал қатысып, бата берумен қатар, діни білімдерін де сарапқа салды. Қазылар алқасы ақсақалдардың бата беру шеберлігін, шешендігін бақылай отырып, үздігін анықтап, 1-орынға Балтамуратов Жұмабай, 2-орынға Абдиров Ерлан, 3-орынға Әбдірахманов Бағдатты лайық деп тапты.
Жүлдегерлердің барлығы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Өзге де барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
21.02.2025
2013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру