
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ақ бата – асыл мұра» атауымен өңірдегі ақсақалдар арасында республикалық бата беру байқауына іріктеу сайысы өтті.
Осынау өмірден көргені мен түйгені мол аға ұрпақ өкілдері бас қосқан сайысқа аудандар мен қалалардан 24 қария бағын сынады. Олардың бәрі де жергілікті жерлерде ақыл-парасаты және өнегелі өмірлерімен абыройға бөленгендер. Олар жарыс барысында бірнеше номинация бойынша көкейлеріндегі білім-біліктері және ұлағатты да терең ойларымен жұртшылықтың назарын аударды.
Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынға Жардыхан Сезімхан, екінші орынға Сүндет Молдашев, үшінші орынға Бақытбек Оспанов ие болды.
Сондай-ақ «Мейірімді қария», «Қазыналы қария», «Шежірелі қария», «Заманауи қария», «Батагөй қария» номинацияларын Хасенғали Камалов, Жамбау Тоқмағамбет, Жаппар Ғаниев, Бақытжан Сәуекенов, Сайым Садықовтар жеңіп алды.
Жүлдегерлерге Алғыс хаттар, демеушілердің қолдауымен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылардың құрметіне мешіттің асханасында дастархан жайылды. Абыз ақсақалдар бата берді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру