Жуырда Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіне және Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылына діни қызметкерлер тағайындалып, жамағатқа таныстырылды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы болып Нұрсұлтан Еркінбайұлы тағайындалса, Ақтүбек ауылының имамы ретінде Нұрлан Шаханбаев таныстырылды.
Нұрсұлтан Еркінбайұлы 2000 жылы дүниеге келген. 2019-2023 жылдар аралығында “Нұр-Мүбәрак” Египет Ислам мәдениеті университетін «исламтанушы» мамандығы бойынша оқыған.
Нұрлан Әбдіғаппарұлы 1989 жылы дүниеге келген. 2016-2019 жылдар аралығында «Сарыағаш» медресе-колледжінде білім алған.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ahnaf.kz
20.02.2025
2265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру