Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Мешітте жас отбасыларға семинар өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 20.02.2025 2129 0 пікір
БҚО: Мешітте жас отбасыларға семинар өтті

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында мешітте неке қидырған жас отбасыларға арналған семинар өтті.

«Дін мен дәстүр» бағытында өткен шараны облыстық орталық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы әрі аталмыш бағыттың жауапты өкілі Бағдат Русланұлы жүргізді. Шараға облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы арнайы қатысса, орталық «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Оразбек Жамбылұлы жас жұбайларға некенің құндылығы туралы уағыз-насихат айтты. Іс-шараға некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындады.

Одан кейін наиб имам Бағдат Русланұлы үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайларға отбасы тыныштығын сақтау жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар игі бастама алдағы уақытта да желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді.

Шара соңында қатысушы жас жұбайларға ҚМДБ БҚО өкілдігі атынан «Олар пайғамбарымызды осылай көрген» атты кітап сыйға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру